Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нашақорлық пен жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды

Нашақорлық пен жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық штаб отырысынан кейін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы жиын өткізіп, нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылды күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жиын барысында есірткіге қатысты ахуал, оның ішінде синтетикалық есірткілердің таралуы мен жастар арасындағы қауіптің артуы мәселелері жан-жақты талқыланды. Аудан басшысы бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, түсіндіру іс-шараларын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Аудандық полиция бөлімі, денсаулық сақтау және аудандық білім бөлімдерінің басшыларына есірткі қылмыстарының жолын кесу жұмыстарын күшейту, есірткіге тәуелділікке ұшыраған азаматтарға дер кезінде және сапалы көмек көрсету және білім беру ұйымдары мен жастар көп шоғырланатын орындарда жүйелі жұмыстар жүргізу жөнінде бірлескен түрде іс-шараларды қолға алуды тапсырды.
Аудан басшысының төрағалығымен өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері де назардан тыс қалмады. Аудан әкімі аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелендіріп, әрбір мемлекеттік қызметшіге жоғары жауапкершілік жүктелетінін жеткізді. Мемлекеттік қызметкер - елге адал қызмет етуді өзінен бастау керектігін айтып, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу шараларын бірлесе атқаруға шақырды.
Жиын қорытындысында аудан басшысы барлық жауапты сала жетекшілеріне жиында берілген тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындауды міндеттеп, атқарылған жұмыстар қатаң бақылауда болатынын ескертті.
02 сәуір 2026 ж. 316 0

Сөз төркіні тереңде

19 қыркүйек 2026 ж. 9

Дара болмысты дәрігер

19 қыркүйек 2026 ж. 12

Тұрғындар тілегі тыңдалды

19 қыркүйек 2026 ж. 12

Қысқа қам қалай?

19 қыркүйек 2026 ж. 11

Мерекелік қабылдау өтті

19 қыркүйек 2026 ж. 11

Жарық пен көпір бақылауда

19 қыркүйек 2026 ж. 12

Өнерді өнеге еткен ісмер

19 қыркүйек 2026 ж. 15

Болашағы зор бастама

19 қыркүйек 2026 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930