Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту мәселесіне қатысты мәжіліс өтті

Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту мәселесіне қатысты мәжіліс өтті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тұрғын үй құрылысы саласын дамыту мен цифрландыру мәселесіне байланысты өткен мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов бейнебайланыс режимі арқылы қатысты.
Мәжілістен кейін аудан басшысы арнайы жиын өткізіп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
-2024 жылы ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған 148 пәтер табысталса, 2025 жылы 80 пәтерлік 40 тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Биылғы жылы да тұрғын үй құрылысы қарқынын төмендетпей, аудан тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуіміз қажет. Алдағы уақытта салынатын тұрғын үйлердің сапасында, жаңа тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін белгілеуде, оларды қажетті инженерлік инфрақұрылыммен – жол, электр, газ және ауыз сумен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе болмауы қажет, - деді аудан басшысы.
Мәжілісте жауапты сала басшыларына жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру барысында заң талаптарын сақтау, ашықтық пен әділдік қағидаттарын қамтамасыз ету, табысталған жерлердің мақсатты пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізу, мемлекет тарапынан берілген тұрғын үйлердің заң талаптарына сәйкес пайдаланылуын бақылау, оларды заңсыз жалға беру немесе басқа тұлғаларға беру фактілерінің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Күн тәртібіндегі мәселеден кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуы бойынша да мәселелер қаралды.
Жиын соңында аудан басшысы алдағы Наурыз мерекесіне байланысты елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын күшейтіп, көшелерді, қоғамдық орындарды және әлеуметтік нысандардың аумақтарын ретке келтіру бойынша тиісті тапсырмалар беріп, берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.
11 наурыз 2026 ж. 38 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031