Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде биыл ақылы жолдардан 100 миллиард теңге көлемінде қаржы жиналмақ

Елімізде биыл ақылы жолдардан 100 миллиард теңге көлемінде қаржы жиналмақ

Фото: freepik.com
“ҚазАвтоЖол” компаниясы 2026 жылы ақылы жолдан қанша ақша жинау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде “ҚазАвтоЖол” компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев жауап берді. Оның сөзінше, биыл 97-100 миллиард теңге көлемінде жинау жоспары бар.
“2025 жылы ақылы жолдар арқылы 87 миллиард теңге жинадық. 2026 жылға жоспарымыз бойынша, 97-100 миллиард теңге көлемінде жинау жоспарымыз бар”, – деді Иманашев.
Сонымен қатар қаражаттың нақты қандай мақсатта жұмсалатыны айтылды.
“Қаражат күтіп ұстауға жұмсалады. Оған 30% көлемінде қаражат жұмсалады. Бізде ақылы жолдарда арнайы камера, қызметкерлер бар. Оларды күтіп ұстауға 10% жұмсалады. Көбіне қаражаттың бәрі арнайы техника сатып алу үшін жұмсаймыз. Мысалы, соңғы екі жылдың ішінде 1 200 арнайы техника сатып алдық. Биыл 800 дана техника сатып алу жоспарда бар. Бізде техника қажеттігі 2 000 көлемінде. Сол себепті жыл сайын арнайы техника сатып алу жұмыстарымен айналысып отырмыз”, – деді Иманашев.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдар үшін төлем мерзімі 30 күнге дейін ұзартылғаны туралы жазған едік. 
30 наурыз 2026 ж. 37 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031