Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік сатып алу порталы бір жылда 4,6 млрд теңге тапқан

Мемлекеттік сатып алу порталы бір жылда 4,6 млрд теңге тапқан

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Мемлекеттік сатып алу порталын қолданушылар бір жылда 4,6 млрд теңге ақы төлеген. Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл осы қаражаттың қайда жұмсалғанын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі Мемлекеттік сатып алу порталын ұстауға бюджеттен қанша қаражат жұмсалатынын сұрады.

«Мемлекеттік сатып алу порталы ақылы екенін білесіздер. Ондағы тарифтер әр түрлі, сатып алу сомасына байланысты ақы алынады. Бұл ақыдан түскен ақша толық көлемде осы порталды күтіп ұстауға және қызметін қолдауға бағытталады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 4,6 млрд теңгеге жуық қаржы жиналды. Ол ақшаның бәрі порталды ұстауға бағытталады. Порталды ұстаудан артылған жағдайда республикалық бюджетке дивидент ретінде жолданады», - деді вице-министр.

Оның сөзінше, аталмыш портал 2022 жылы ақпараттың ашықтығы жөнінен 109 елдің ішінде үшінші орын алған.
25 шілде 2024 ж. 266 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031