Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа ақылы жолдар 23 қарашада ашылады

Жаңа ақылы жолдар 23 қарашада ашылады

23 қарашадан бастап еліміз бойынша жаңа жеті жол бөлігі қолданысқа беріледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Сүлейменов хабарлады.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы 18 бағыт бойынша ақылы жолдарды енгізу жоспарланған.
 2021 жылдың 1 қараша күні қолданысқа берілуі керек болған Нұр-Сұлтан - Павлодар; Шымкент - Өзбекстан шекарасы (Ташкентке); Щучинск - Көкшетау; Қапшағай - Талдықорған; Шымкент - Тараз; Тараз - Қайнар; Шымкент - Қызылорда сынды жаңа жеті жол бөлігі 23 қарашадан бастап ақылы болады.
Жеңіл көліктер 1 километр үшін 1 теңге, ал жүк көліктері 25 теңгеге дейін төлейді. І санаттағы тас жолдарда автокөліктердің барлық түрі, ал ІІ және ІІІ санаттағы тас жолдарда тек жүк көліктері төлем жасайды. Шетелдік және отандық көліктерге төлемақы көлемі бірдей. Жолда жүруге төленген ақы тас жолды күтіп ұстауға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға жұмсалады, - дейді «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Сүлейменов.
Жаңа жолдарда шлагбаум болмайды, тұрғындар өз шотына мобильді қосымшалар арқылы ақша салады. Автокөліктердің жүріп өткен жолы туралы ақпарат бақылау аркаларындағы бейнекамералар арқылы тіркеледі.
Ақылы жолдармен жүруге мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлер үшін жеңілдіктер жүйесі әзірленеді. Ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жеңіл көлік құралдарының иелері үшін 365 күнге абоненттік төлем қарастырылған.
18 қараша 2021 ж. 647 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930