Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет көпбалалы жанұяларды қолдауға арналған бюджетті 444 миллиард теңгеге көбейтеді

Үкімет көпбалалы жанұяларды қолдауға арналған бюджетті 444 миллиард теңгеге көбейтеді

Үкімет 2019 жылдың бюджеті қайда жұмсалатынын, қандай жобаларды жүзеге асыруға қаражат бөлетінін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

"2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылайтын заңның жобасы ұсынылды. Бюджетті нақтылау аясында Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде айтқан әлеуметтік шараларды жүзеге асыру жоспарланды. Сонымен қатар, 2017 және 2018 жылдардағы жолдауларда айтылған бұйрықтарды, алдында қабылданған мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру қолға алынады, — деді Әлихан Смайылов.

Смайыловтың айтуынша, нақтылау бағдарламасының аясында қаражат үш бағыт бойынша беріледі.

"Әлеуметтік қамқорлық" атты әлеуметтік шараны жүзеге асыруға ортақ сомамен 444,3 миллиард теңге жұмсалады. Осы қаражаттың арқасында арнайы бір азаматтардың бөлігіне 224,3 миллиард теңге, көпбалалы жанұялар үшін салынатын жалдамалы үйлердің құрылысына және ТҮҚЖБ арқылы жеңілдікпен кредиттеуге 100 миллирад теңге, өңірлік инфраструктураның дамуына 90 миллиард теңге, "Ауыл- Ел бесігі" деп аталатын арнайы мамандандырылған жобаның жүзеге асуына 30 миллиард теңге жұмсалады. Жастар жылына қатысты шаралардың жүзеге асуына — 24,6 миллиард теңге жұмсалады", — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Республикалық бюджеттің шығындары 1,2 триллион теңгеге көбею арқылы 2019 жылы 11 895 миллиард теңгені құрайды.
12 наурыз 2019 ж. 1 072 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930