Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария үстіндегі көпір құрылысына кезекті партиялық мониторинг жүргізілді

Сырдария үстіндегі көпір құрылысына кезекті партиялық мониторинг жүргізілді

«Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» бағытындағы автожолдың 16-шақырымында орналасқан Сырдария өзені арқылы өтетін «Қарлаң» көпірінің құрылысы жүруде. Бұл жоба партияның сайлауалды бағдарламасын орындау аясында қолға алынғандықтан, нысанда тұрақты партиялық бақылау ұйымдастырылған.
Құрылыс алаңындағы жұмыстардың барысын көру мақсатында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Күншығар Әбілов пен Ардақ Кәдір арнайы барып, жауапты мамандармен бірге жобаның жүзеге асу деңгейімен танысты.
Жобаны жүзеге асырушы мердігер мекеме — «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС. Компания өкілдерінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары осы жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытқа дейін 60 дана свай бұрғыланып, бетондау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар 3 ростверг, 1 ледорез, 2 ригель және 2 тіреу орнатылып, кірме жолдар топырақпен нығайтылған. Бүгінде свай бұрғылау жұмыстары жалғасып, апалка дайындау және ригель орнату кезеңдері атқарылуда.
Комиссия мүшелері бұл жобаның аудан үшін маңыздылығына ерекше тоқталып, оның сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ құрылыс толық аяқталғанға дейін барлық жұмыстар тұрақты бақылауда болатыны айтылды.
27 наурыз 2026 ж. 21 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031