Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды инфрақұрылымдық жобаның құрылыс барысын көрді

Маңызды инфрақұрылымдық жобаның құрылыс барысын көрді

«Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автожолының 16-шақырымында Сырдария өзені арқылы өтетін «Қарлаң» көпірінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатқандықтан, мұнда партиялық бақылау бекеті жұмыс істеп тұр.
Осыған орай, бүгін аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков, комиссия мүшелері Күншығар Әбілов пен Нұркен Ботабаев жауапты сала басшыларымен бірге құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Бас мердігер — «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бүгінгі күнге дейін 60 дана свайға бұрғылау және бетондау жұмыстары атқарылып, 3 ростверг, 1 ледорез, 2 ригель, 2 тіреу орнатылған, сондай-ақ кірме жолдар топырақпен көтерілген. Қазіргі таңда свайларға бұрғылау жұмыстары жалғасып, апалка құру және ригель орнату жұмыстары жүргізілуде.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мұндай маңызды жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының барлық кезеңі партиялық комиссияның тұрақты бақылауында болатынын және нысан толық пайдалануға берілгенге дейін бақылау жалғасатынын жеткізді.

#AMANAT
15 қаңтар 2026 ж. 110 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031