Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық дәмді дәріптеген

Ұлттық дәмді дәріптеген

Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, оны заманауи кәсіппен ұштастыру – үлкен ізденіс пен жүрек қалауын талап етеді. Осындай ізгі ниеттен туған шағын отбасылық кәсіптердің бірі – «MusTASH» табиғи ауыл өнімдері бренді. Бастапқыда шұжық, әсіп өндіруден басталған кәсіп бүгінде кеңейіп, өз тұтынушыларының сеніміне ие болып келеді. Екі жылдың ішінде өнім түрлері көбейіп, сапаға негізделген бағыт айқын қалыптасқан.
Кәсіптің басты мақсаты – табиғи ауыл өнімдерін дәріптеу, халыққа таза әрі дәстүрлі дәм ұсыну. Осы бағытта ізденісті тоқтатпаған Ару Махатқызы наурыз айында жаңа өнім – жентті көпшілікке ұсынды.
Осы жерден 2-ші бетке
– Бұл бастама тек мерекелік дастарқанды әрлеу үшін ғана емес, сондай-ақ Ораза айындағы ауызашарға ерекше десерт ретінде ұсынылды. Күткеннен де жоғары сұранысқа ие болған бұл өнім кәсіптің жаңа бір бағытына айналып үлгерді. Алдағы уақытта оны жетілдіріп, тұрақты түрде өндіру жоспарда бар. Жент – қазақ дастарханының сәні ғана емес, ұлттың жадымен біте қайнасқан тағам.Әжеміздің алақанының жылуымен дайындалған женттің дәмі әрқайсымыздың жадымызда сақталған. Сол дәм арқылы біз ұлттық тәрбиені, салт-дәстүрді бойымызға сіңірдік. Бүгінде сол құндылықты қайта жаңғырту – уақыт талабы, – дейді Ару.
Кәсіп иесі Ару Махатқызының айтуынша, бұл бастама тек табыс табу мақсатынан тумаған.
– Жолдасым – дәстүрлі әнші, жырау. Үйде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр жайлы жиі айтылады. Сондай ортада отырып, өзің де ойланады екенсің. «Мен не істеп жүрмін, ұлтқа қалай қызмет қыла аламын?» деп. Бәрі жаһанданып бара жатқан заманда қазақылықты қалай дәріптей аламын деген сұрақ мені осы жолға алып келді. Осы ойдың нәтижесінде ерекше жиынтық дүниеге келді, – дейді кәсіпкер.
Ару өз өнімін халыққа ерекше, есте қаларлық форматта ұсынуды көздейді. Осы идеяның негізінде ол өнімге «Дәстүр дәмі» деген мәнді атау беруді жөн көреді. Сонымен қатар өнімді ұлттық нақышты айқындайтын домбыра пішіндес арнайы қаптамаға орналастырып ұсынады. «Неге дәл домбыра?» деген сауылымызға Ару тосылмастан: «Ұлттық өнімдерді дәріптеп жүрген соң, қазақтың киелі аспабы – домбыраны да кеңінен насихаттауды жөн көрдім», – деді ол тосылмастан.
Расында бұл өнім жай ғана тәтті емес, тұнып тұрған мағына, тәрбиелік мәні бар өнім. Жиынтықтағы әрбір жент түрі өзіндік символикасымен ерекшеленеді. Киіз үйдің келбеті – отбасы мен бірліктің символындай жылылық сыйласа, домбыраның бейнесі – ұлттың үні мен рухының жаңғырығы іспетті. Асық пішіні балалық шақтың тәтті естеліктерін оятса, торсық – кең пейіл қонақжайлық пен молшылықтың белгісіндей көрінеді. Ал оюмен өрнектелген женттер қазақ халқының эстетикалық талғамының асқақтығын айқын аңғартады. Кәсіпкердің сөзінше, бұл өнімдердің әрқайсысында тек ұлттық дәм ғана емес, терең мән-мағына, зор еңбек пен шынайы ықылас тоғысқан.
Бүгінде жаңа өнім тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып, сұраныс күн санап артып келеді. Бұл – халықтың ұлттық тағамдарға деген қызығушылығының қайта оянып келе жатқанының айқын дәлелі. Әсіресе, қасиетті Рамазан айында ауызашар дастарханына ұсынылатын ерекше десерт ретінде де көпшіліктің көңілінен шыққан.ды жөн көрдім», – деді ол тосылмастан.
Бағамдағанымыздай, бұл өнім арқылы тек дәм ғана емес, тұтас бір мәдениет ұсынылады. «Дәстүр дәмі» – ұмыт бола бастаған құндылықтарды қайта тірілтіп, оны келер ұрпаққа жеткізудің бір жолы іспетті.
Қош, «MusTASH» бренді өз кәсібін тек өндіріс көзі емес, ұлттық мұраны насихаттайтын рухани алаңға айналдырып отыр. Расында, бұл бастама – өткен мен бүгінді сабақтастырған алтын көпірдей. Осындай ізгі істер көбейген сайын, ұлттық рухымыз асқақтап, тамырымыз тереңдей беретіні сөзсіз. Ұлттық дәмді дәріптеген Аруға еңбегің өрге басып, кәсібің кемелдене берсін демекпіз.
Арайлым ЖҮСІПОВА
23 наурыз 2026 ж. 23 0

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 19

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 23

Ұлттық дәмді дәріптеген

23 наурыз 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031