Қайырымдылық –асыл қасиет
Қайырымдылық – адам бойындағы ең ізгі, ең асыл қасиеттердің бірі. Біреуге көмек көрсету, қолдау білдіру, мейірімділік таныту арқылы адам айналасына тек жақсылық сыйлап, қоғамның дамуына үлес қосады. Бұл игілік тек материалдық көмекпен шектелмейді. Қайырымдылық адамдарды жақындастырады, бір-біріне деген сенімді арттырады. Қоғамда қайырымдылық кең тараған сайын, татулық пен бірлік те нығая түседі. Сондықтан әрқайсымыз жүрегіміздегі мейірімділікті сақтап, өзгелерге көмек қолын созудан тартынбау керек.
Жыл сайын қайырымдылықты серік еткен жүрегі кең, жомарт жан Қатира Тайпақова. «Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Құрметті мұғалімі» ардагер-ұстаз Қатира Ниязқызы Тайпақова рухани іс-шаралардың ұйытқысы болып жүреді. Жыл сайын жақсылық жасап, рамазан айында №92 мектепте баласы оқитын 20 отбасыға көмек қолын ұсынды.
Ғалымбек ЖЫЛҚЫБАЕВ,
№92 мектептің әлеуметтік педагогы














