Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық – адам жанының нұры

Қайырымдылық – адам жанының нұры

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Осындай игiлiктi шара Әйтеке би кентіндегі Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектептің «Соңғы қоңырау» кешінде көрініс тапты.
Мектепті 1987-1988 оқу жылында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тасбике Жаппарованың сыныбынан бітірген түлектер 30 жылдық кездесуге жиналып, биылғы жас түлектердің «Соңғы қоңырау» кешінің құрметті қонақтары ретінде шақырылған болатын. Осыған орай 33 түлектің атынан келген кеш қонақтары мектептегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасынан үздік оқитын 10 оқушының әрқайсысына 15000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіп, бүлдіршіндердің ризашылығына бөленді.
Отыз жылдыққа жиналғандар атынан аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Қалиев, М.Алманиязов, Ш.Жарасова жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Түлектер мен кешке қатысушыларға шынайы ізгі тілектерін арнаған және «Жақсылық жасау – сауапты іс» дегендей, айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айында осындай қайырымды іс жасап, балдырғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған азаматтардың игі ісі көпшіліктің назарын аударатындай деуге болады.
Мұрат НҰРМАНҰЛЫ


08 маусым 2018 ж. 3 585 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930