10 сәуірге дейін Конституция жаппай таралыммен басып шығарылады
Фото: Ақорда— Жаңа Конституцияда мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болатын нормалар мен ережелер түгел қамтылған. Біріншіден, жаңа Конституцияның нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне бір апта ішінде тиісті ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырамын, — деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін Конституцияны жаппай таралыммен басып шығарып, мемлекеттік органдарға, білім беру, мәдениет ұйымдарына, кітапханалар мен сауда орындарына жеткізу керек.
— Цифрлық даму министрлігі Конституция мәтінін қолжетімді электрондық платформаларда орналастыруды қамтамасыз етсін. Білім беру саласында мектептерде, колледждер мен университеттерде Конституция ережелері бойынша оқу сабақтарын өткізу керек. Ол үшін Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне 20 сәуірге дейін тиісті әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді тапсырамын, — деді ол.
Премьер-министр Конституцияда медициналық көмекті қаржыландыру көздерін кеңейту, оның ішінде бюджеттен тыс қаражатты тарту мүмкіндігі бекітілгенін атап өтті.
— Бұл осы жүйенің барынша тұрақты әрі икемді болуына жағдай жасайды. Сақтандыру пакеті жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмектің көптеген түрлеріне қол жеткізу құралына айналады. Биылғы 1 сәуірге дейін Денсаулық сақтау министрлігі Әділет министрлігімен бірге қолданыстағы заңнамаға қажетті түзетулерді Парламентке енгізуді қамтамасыз етсін, — деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Үкімет жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру жолдары талқыланды.











