Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция – болашаққа сенім мен тұрақтылық

Жаңа Конституция – болашаққа сенім мен тұрақтылық

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» аумақтық коалициясының мүшелері Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің ұстаздарымен және дауыс беруге құқығы бар студенттермен кездесті.
Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, әділетті қоғам құру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік теңдік пен тұрақты даму мәселелері кеңінен талқыланды.
Аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш өз сөзінде:
«Жаңа Конституция – тұрақтылық пен болашаққа сенімнің кепілі. Құжатта Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде айқындалып, әр адамның құқықтары мен бостандықтары туғаннан қорғалатыны нақты бекітіледі. Сонымен қатар, отбасы қоғамның негізі ретінде танылып, ана мен әке құқықтары мен балалық шақ мемлекеттің қорғауында болады. Бұл – отбасыларды, әсіресе көпбалалы ата-аналарды қолдаудың берік құқықтық негізі».
Коалицияның өзге мүшелері жаңа Конституция жобасында білім беру мен балалардың жан-жақты дамуына ерекше мән берілгенін атап өтті. Мемлекет бастауыш және орта білімді міндетті әрі тегін қамтамасыз етеді, ал мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негізінде тегін білім алу мүмкіндігі сақталады. Сонымен қатар, білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар негізгі құндылықтар ретінде көрсетілген.
Кездесу соңында колледж ұжымы жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, бастаманы қолдайтындарын білдірді. Олар реформалардың тұрақты даму мен әлеуметтік әділеттілікке бағытталуы қоғамның бірлігі мен сенімін нығайтады деп сенім білдірді.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз

08 наурыз 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031