Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғырту жұмыстары тексерілді

Жаңғырту жұмыстары тексерілді

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүзеге асып жатқан бірқатар маңызды жобаның орындалу барысымен танысты. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алмасбек Есмаханов Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында салынып жатқан спорт кешендерінің құрылысы мен Ү.Түктібаев ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын арнайы барып көрді. Аудан әкімі ең әуелі Қожабақы ауылындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылап шықты.
Қазір нысанда іргетас пен колонналарды құю, сыртқы қабырғаларды кірпішпен қалау жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар ішкі және сыртқы кәріз желілері, ауыз су желісі жүргізілген. Құрылыс жұмыстарының жалпы орындалу деңгейі 60 пайызды құрайды.
Жаңа спорт кешені ауыл тұрғындарының, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік бермек. Нысанның құрылысын мердігер мекеме – «Намыс–Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Спорт кешенін келер жылы толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Мұнан кейін аудан басшысы Бекарыстан би ауылындағы спорт кешенінің құрылысымен танысты. Бұл нысанда құрылыс жұмыстары соңғы кезеңге жетіп, бүгінде ішкі және сыртқы әрлеу, тазалық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоспарланған жұмыстардың 95 пайызы аяқталған. Спорт кешенін алдағы ақпан айында толықтай аяқтап, ел игілігіне беру көзделуде.
Аудан әкімі нысандарды аралау барысында салаға жауапты орынбасарына және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге құрылыс сапасын күнделікті қадағалауды, белгіленген мерзімде әрі ешқандай кемшіліксіз аяқтауды қатаң тапсырды.
Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Алмасбек Әбілқасымұлы Ү.Түктібаев ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен де танысты. Жоба облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен жүзеге асуда. Ауылдағы электр желілерін жаңарту жұмыстары биыл наурыз айында толық аяқталады деп күтілуде.
Жоба аясында ауыл аумағында барлығы 5 дана трансформатор қондырғысы орнатылып, 10 кВ және 0,4 кВ әуе желілеріне арналған 600-ден астам темірбетон бағаналар қойылған. Маңызды жұмыстар электр қуатының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.
Аудан басшысы салаға жауапты орынбасары мен мердігер мекеме – «Қызылорда кірпіш зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкіліне жұмыстарды белгіленген мерзімде, сапалы әрі талапқа сай аяқтау қажеттігін қатаң ескертті. Сондай-ақ атқарылып жатқан жобалардың барлығы ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Аудан көлемінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таба бермек.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
13 қаңтар 2026 ж. 193 0

Қар суынан тазартылуда

13 қаңтар 2026 ж. 134

Үш облыста жол жабылды

12 қаңтар 2026 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031