Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Отбасы банк" ипотека алу үшін 6 ай күту талабын алып тастауды қарастырып жатыр

"Отбасы банк" ипотека алу үшін 6 ай күту талабын алып тастауды қарастырып жатыр

Фото: freepik.com

“Отбасы банк” қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алу үшін 6 ай күту талабын алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Егер бұл өзгеріс енгізілсе, азаматтар бұрынғыдай пәтер ақшасын 50% құйып, бірден сатып алу процесін бастай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Отбасы банк” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бұл мәселе бойынша банкке көптеген өтініш түсіп жатқанын айтты. Сосын төрайым қазіргі жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

“Көпшілік жағдайы жақсы адам 10 миллион теңге әкеліп, келесі күні 20 миллион теңге несие ала алса, мұны әділетсіз деп санайды. Сондықтан біздің жүйе тұрғын үй жинақ жүйесі деп аталады, яғни адам алдымен белгілі бір уақыт бойы ақша жинауы керек. Ал 6 ай күту барлық адамға бірдей талап емес: егер адам бұрын мүлде ақша жинамаған болса, қаражаты кемінде 6 ай жатуы тиіс. Ал бірнеше жыл бойы тұрақты түрде ақша жинап жүрген салымшылар үшін бұл мерзім бағалау көрсеткішіне (ОП) байланысты 3–4 айға дейін қысқаруы мүмкін. Бұл мәселе әлі де зерттеліп жатыр.", – деді Ибрагимова.

Ибрагимованың айтуынша, банк салымшыларға жүйенің қалай жұмыс істейтінін және оның қандай пайда әкелетінін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарау туралы ұсыныстар да қарастырылып отыр.

“Қазір кейбір салымшылардан бағалау көрсеткіші 16 болған жағдайда жылдық 5% тек қалған 50%-ға ғана есептелетіні туралы шағымдар түсіп жатыр. Көпшілік “бағалау көрсеткіші жоғары болса, пайыз төмен болуы керек, ал бағалау көрсеткіші төмен болса – жоғары болуы тиіс” деп санайды. Біз осы мәселеге сараптама жүргізіп, зерттеп жатырмыз. Нәтижесінде ұзақ уақыт бойы жинақ жасап, жоғары баға көрсеткішіне жеткен салымшылар ең тиімді шарттарды алуы керек”, – деді банк басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Елімізде қолжетімді коммерциялық ипотека көлемі артатынын жазған едік.
10 наурыз 2026 ж. 74 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031