Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 мамырдан бастап Отбасы банк арқылы 50 пайыз жарнамен бірден ипотека рәсімдеу тоқтатылады

15 мамырдан бастап Отбасы банк арқылы 50 пайыз жарнамен бірден ипотека рәсімдеу тоқтатылады

Отбасы банк арқылы тұрғын үй құнының 50 пайыз жарнасымен бірден ипотека рәсімдеу тоқтатылады. Жаңа талап 15 мамырдан бастап күшіне енбек. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы институтының мәліметіне сүйенсек, енді бұрынғыдай 50-де 50 немесе 30/70 бағдарламалары аясында бірден жарна құйып, ипотека рәсімдеу шарттары өзгермек. Талап 15 мамырдан бастап күшіне енеді. Әрі осы жаңа өзгерістер аясында несие мөлшерлемесінің пайызы да төмендетілетін көрінеді.
“Егер бұрын ставкалар 7% - дан 11,5% - ға дейін болса, енді ставка 6% - дан 10% - ға дейін болады. Мөлшерлеме депозитте жинақтау мерзіміне және оны толтыру кезеңділігіне байланысты болады. Егер бұрын депозитте жинақ ақшасы жоқ клиенттер Отбасы банкіндегі жинақ шотына тұрғын үй құнының 50% салса, олар бірден 11,5% мөлшерлемемен аралық несие алатын. Бұл ретте бағалау көрсеткішінің (бұдан әрі-ОП) мәні нөлге тең болды. Қазір жинақ ережелері өзгеруде. Несие алу үшін ең төменгі ОП 2,5 болу керек”, - делінген ақпаратта.
Яғни, банк дерегінше енді азаматтар арнайы есепшот ашып, ондағы бағалау көрсеткішін тиісті межеге жеткізуі тиіс. Содан кейін ғана несие рәсімдей алады.
“ОП 2,5 болу үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде депозит толықтырылған сәттен бастап 3 ай өту керек. Содан кейін банк максималды мөлшерлеме бойынша несие береді - несиенін пайызы 10 болады. Ал 30/70 бағдарламасы аясында бағалау көрсеткіші 3,5-ке жетуі тиіс. Ал 2023 жылғы 15 мамырға дейін алдын-ала мақұлдау алып алған клиенттер, бұрынғы шарттар бойынша несие ала алады”, - делінген банк ақпаратында.
Бұл өзгерістер келесі бағдарламаларға әсер етеді:
1. Банктің нарықтық бағдарламалары - бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу, жер учаскесін сатып алу, тұрғын үйді жөндеу және жаңғырту мен құрылыс мақсаттары үшін.
2. "Кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй" жобасы бойынша кредит беру шарттары, "өз үйің" бағдарламасы.
3. "Жаңа баспана" (тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін)
Еске салайық, бұған дейін әйелдерге арналған ипотекалық бағдарламаның жарты күнге жетпей аяқталғанын жазған едік.
11 мамыр 2023 ж. 637 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 30

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930