Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясы мекемесінің ұжымымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Ата заң жобасының маңызы мен негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
Жиында аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі саяси институттардың атауын өзгертуде емес, елдің стратегиялық негіздерін жаңартуда екенін атап өтті.
«Жаңа Конституцияда басты назар адам құқықтары мен бостандықтарына аударылып отыр. Егер бұрынғы Конституция мемлекеттілікті қалыптастыруға және тиімді басқару жүйесін құруға бағытталған болса, қазіргі жоба адам мүддесін алдыңғы орынға қояды. Конституцияның екінші бөлімі адам капиталын дамытуға арналған және бұл бағыт елдің стратегиялық басымдығына айналады», – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.
Сондай-ақ коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасы мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, қоғамның даму мен жаңару сұранысына жауап беруге бағытталғанын атап өтті. Реформалардың табысты жүзеге асуы азаматтардың белсенді қолдауына тікелей байланысты екені айтылды. Осы ретте халықпен ашық диалог жүргізу негізгі ережелерді түсіндіруге және өзекті сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретініне ерекше мән берілді.
Коалиция өкілдері мекеме ұжымын жаңа Конституцияны қолдауға және алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысында ұжым қызметкерлері ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерге қолдау білдіріп, елдік бастамаларға сәттілік тіледі.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
08 наурыз 2026 ж. 337 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31