Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы қаласында "Әлемді әлдилеген – Ана" атты салтанатты шара өтті

Қазалы қаласында "Әлемді әлдилеген – Ана" атты салтанатты шара өтті

Қазалы қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әлемді әлдилеген – Ана» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, барша нәзік жандылар қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
Шын мәнінде адамзат баласы үшін анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан аяулы ешкім жоқ. Әлемдегі ең жоғары мадақ та, құрмет те ару-аналарға арналады.
«Күллі ізгілік атаулының бәрі күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен келеді» деген даналық сөз бар. «Азамат – үйдің иесі болса, әйелдер – үйдің киесі». Демек, барша адамзат тіршілігінің алтын арқауы – Аналар екені сөзсіз. Мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, - деді аудан әкімі.
Салтанатты шарада аудан басшысы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған республикалық референдумға қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырды. Жаңа Ата Заң жобасы елдің құқықтық негіздерін нығайтып, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен әділеттілігін арттыруға бағытталғанын түсіндірді.
Мерекелік шарада ауданның түрлі саласында еңбек етіп жүрген бірқатар әйел-аналарға аудан әкімінің құттықтауы мен алғыс хаттары табысталып, ықылас гүл сахна төріне шығарылды.
Мерекелік шара әрі қарай ерекше концерттік бағдарламаға ұласып, қала өнерпаздары нәзік жандылардың құрметіне әсем ән шырқап, мерекелік кештің көркін кіргізді.
Шара соңында барлық аналар мен қыз-келіншектерге мерекелік арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтары таратылып, құрмет көрсетілді.
©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
08 наурыз 2026 ж. 31 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 176

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 156

Талантымен топ жарғандар

07 наурыз 2026 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031