Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүсіреповтен бата алған қыз

Мүсіреповтен бата алған қыз

Бақыткүл Әлмәмбетқызы мектептегі барлық пәнді жақсы оқыса да, әсіресе қазақ және орыс әдебиетіне қызығушылығы ерекше еді. Бұл түсінікті жағдай. Әкесі Әлмәмбет Әліш – КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, ұзақ жылдар аудандық газеттің редакторы бола жүріп, республикалық баспадан роман мен повестері шыққан белгілі жазушы.
Қазақ әдебиетінің қаранарлары Сәуірбек Бақбергенов, Дүкенбай Досжанов, Қалдарбек Найманбаевпен достық байланыста болып, Алматыға іс-сапармен бара қалса, қонақ үйге емес солардың үйіне түсетін.
Бақыткүл жоғарғы сыныпта жүргенде журналист болуы армандайды. Бұл ойны бір оқиға өзгертеді.
1979 жылы Социалистік Еңбек Ері, академик, классик жазушы Ғабит Мүсірепов Мәскеудегі КСРО Жазушылар Одағының пленумынан қайтарда, Қазалыға тоқтайды. Сол күні Әлмәмбет Бақыткүлді ертіп, классик жазушының купесіне барады. Амандық-саулықтан соң Әлмәмбет қызы Бақыткүлге бата беруін сұрйды. Сырбаз мінезді Ғабең қандай мамандық иесі болатын сұрайды. Балаң қыз мақсатын атқанда, Ғ.Мүсірепов қалың жиекті көгілдірігін көтеріп: «Бақыткүл айналайын, әкең екеуміз журналистік үлкен жолдан өтіп, жазушы болдық. «Журналист пен қасқырды аяғы асырайды» деген. Қыз үшін журналистік мамандық қол емес, олар тұрмыс құрып бақытын отбасынан табатындықтан, үйінен ұзамағаны дұрыс. Мен сенің адам баласын емдейтін дәрігер болғанынды қалар едім», –деп батасын береді. 1980 жылы Бақыткүл Әліш В.М.Счастов атындағы № 16 орыс мектебін үздік бітіріп, Ақтөбе қаласындағы медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түседі.
1986 жылы институтты бітіріп, Қызылорда қаласындағы ауруханада интернатурадан өтіп, бір жылдан соң Қазалы аудандық аурухананың аймақтық дәрігері болып еңбек жолын бастады. Жауапты жас өзіне қарасты көше тұрғындарын жатқа біліп, кімге қандай ем қолдануын ыждақаттап тағайындайды. Кардиолог-дәрігер кезінде де біліктілігін көрсетеді. 2002 жылдан бастап аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. 2009 – 2013 жылдар арасында терапия бөлімінің меңгерушісі, 2014 жылдан 2020 жылға дейін бас дәрігердің орынбасары болады. 2013 жылы, ұзақ жылғы еңбегі лайықты бағаланып, «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы беріледі. 2020 жылдан – 2024 жылы зейнетке шыққанша, Қазалы аудандық көпбейінді аурухананың бас дәрігері қызметіне атқарады.
Бас дәрігер КОВИД індеті індеген кезде тәжірибесі, жедел шара қабылдай алатын жауаптылығымен танылады.
Жауапты қызмет тізгініне жаңа келген басшы, күнделікті жұмысын атқарып қана қоймай, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы бұрынғы өкпе аурулары ауруханасы болған ғимаратқа лайықтау жұмыстарын бастап кетеді. Қауіпті індетті жұқтырғандарды оқшаулап, емдейтін инфекциялық станционар осылайша облыс бойынша алғашқылардың бірі болып Қазалыда ашылады. Онда қысқа мерзімде 600-ден астам індет жұқтырған науқастар жатып ем алып, көбі жазылып шығады.
Ол сол кездегі дәрігерлердің жанкешті еңбегін Бақыткүл аса толғаныспен еске алады.
«Ауру жұқтырған науқаспен байланыс жасау, дәрігердің өзіне қауіпті. Сол кезде білікті дәрігер Іскендір Жұмағазиев қайтыс болды. Соған қарамастан, аурухана ұжымы өздерінің Гиппократ антына адалдығын көрсетті. Ауру жұқтырған келіншекке кесарь тілігі отасын жасап, сәби мен анасын аман алып қалған дәрігер Айгүл Медетбаеваның ерлікке тең келетін еңбегінің өзі неге тұрады?! Басын қауіпке тігіп, науқастармен тығыз қатынаста болған дәрігерлер Нұрлан Алмат, Аян Қази, Жасарал Оспанов, Әлия Қартабаеваның істері елеулі», – дейді.
Күн санап әлем бойынша вирусты жұқтырғандар қатары қалыңдағанда, аудан дәрігерлері отбасына бармай, бар мүмкіндігін емделушілерді ажалдан арашалауға салады. Ұйымдастыру ісінде басшының шешімі маңызды.
Сол тұста аудандық емхана жаңа нысанға көшіріледі. Жеке сектордағы ғимаратты жалға алып отырған «Жетес би» емханасы ескі емхана ғимаратына орналастырылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына аудандағы апаттық жағдайдағы өзге де бөлім, бөлімшелер жағдайы жазылып, нәтижесінде 2023 жылы Кәукей, Бозкөл және Абай ауылына жаңа емхана бой көтерсе, шалғайдағы Жұбан және Жалпақ елді мекендеріне де медициналық бекет ашуға қол жетті.
Бақыткүл Әліш жалақы уақытылы берілмей жүрген ұжымды Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры және облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп жұмыс істеп, кредиторлық қарыздан құтқаруға атсалысады.
2024 жылы абырой биігінде зейнеткерлікке шығады. Қазіргі таңда Бақыткүл Әлмәмбетқызы Қазалы көпбейінді аудандық аурухананың эксперт-дәрігері болып жұмысын жалғастыруда. Жолдасы Асылбек Жиенбаев қырық жыл аудандық аурухананың реанимация бөлім менгерушісі болған «ҚР Денсаулық саласының үздігі». 2025 жылы «Ардагер анестезиолог-реаниматолог» төсбелгісімен наградталған. Бүгінде қажетті маман ретінде консультант дәрігер қызметінде.
Ерлі-зайыпты ақ халатты абзал жандар алғыс арқалап келеді.
Аңызға сүйенсек, ерте жаугершілік заманда, басқыншылар басып алған жерлеріндегі мұрап пен емші-сынықшыға тиіспеген дейді. Себебі, бұл екі мамандық иелері адам өмірі үшін аса қажет. Әйтеке бидің: «Өмірдің не екенің, мың бұралаң жолда көресін. Көңілдің не екенің, құс болып тұғырға қонғанда білесің. Адалдың не екенін, орындалған істе көресің» деген сөзі Бақыткүл Әлмәмбетқызының елге елеулі жолын еске түсіреді. Өз істенің нағыз мамандары бола тұра, екеуінің де бойлары пендешіліктен аулақ. Бұл қасиет балаларын тәрбиелеуде де ұстаным болған. Астанада тұратын Тойлыбек – Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған, ҚР Үкіметі аппаратында экономика бөлімінің бас консультанты қызметінде. Ата-әжесінің тәрбиесіндегі немерелер үздік, жан-жақты.
Бақытжан АБДУЛ-ТҮМЕНБАЙ,
ҚР Журналистер және Халықаралық жазушылар одағының мүшесі
07 наурыз 2026 ж. 22 0

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031