Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлмәмбет Әлішев бұрышы ашылды

Әлмәмбет Әлішев бұрышы ашылды

Бүгін Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейінен қарымды қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Әлмәмбет Әлішевке арналған бұрыш ашылды.

Шараға арнайы келген қонақтарға музейдің ғылыми қызметкері Жанат Тілеуқабыл Ә.Әлішевтің еткен еңбектері мен шығармаларынан ұйымдастырылған көрмемен таныстырды. Сондай-ақ, аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі экспозия туралы да жан-жақты мәліметтер айтылды.
Өскелең ұрпақ үшін маңызы зор шараға қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев елі үшін еңбек еткен Әлмәмбет Әлішев атындағы арнайы бұрыштың ашылу салтанатымен құттықтады.
– Әлмәмбет Әлішев – жазушы, журналист ретінде еліміздің экономикасы мен мәдени-рухани саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан қаламгер. Әсіресе, Арал теңізінің тартылуынан туындаған экологиялық апаттың зардаптары жөнінде арнайы зерттеу жүргізіп, баспасөз беттерінде жанайқайын жеткізді. Халыққа әскери-патриоттық тәрбие беруге де қомақты үлес қосты. Қазалы жерінде туып, Латвия Республикасында теңдесі жоқ ерлік жасап, мерт болған Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаевты танытқан тұлға, – деген Мұрат Нәлхожаұлы осындай еселі еңбегінің арқасында Ә.Әлішев Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазалы ауданының құрметті азаматы атанғанын жеткізді.
Арнайы бұрыштың ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен қарымды қаламгердің қызы Бақытгүл Әлішева сөз сөйлеп, өскелең ұрпақ осы жерден елдің қуанышы мен қайғысында әрқашан бірге болып, халықтың жанынан табыла білген біртуар тұлға жайлы мәліметтер таба алатынын жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

29 тамыз 2020 ж. 2 183 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031