Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентінде еріген қар суын тарту жұмыстары жүргізілуде

Әйтеке би кентінде еріген қар суын тарту жұмыстары жүргізілуде

Аудан аумағында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты қазіргі таңда күннің жылынуымен бірге Әйтеке би кенті аумағында еріген қар суларын тарту жұмыстары басталды.
Кенттің тазалығына жауапты мекемелер тарапынан тұрғындарға қолайсыздық тудырмау мақсатында ең алдымен адам көп жүретін орындарда – орталық көшелерде, базар маңдарында және кәсіпкерлік нысандар шоғырланған аумақтарда су сору жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар жол жиегіндегі және аулалар маңындағы қар қалдықтарын тазалап, сыртқа шығару жұмыстары да қатар атқарылуда. Аталған жұмыстарға жергілікті кәсіпкерлер де белсенді түрде атсалысып, арнайы техникаларымен көмек көрсетуде.
Қазіргі таңда кент бойынша еріген қар суларын тарту жұмыстарына 10 арнайы техника жұмылдырылған. Алдағы күндері де тазалық және су сору жұмыстары үздіксіз жалғасатын болады.
04 наурыз 2026 ж. 194 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930