Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан орталығының тазалығы ұдайы бақылауда

Аудан орталығының тазалығы ұдайы бақылауда

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов пен Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев аудан орталығындағы тазалық жұмыстарының жай-күйін зерделеп, бірқатар нысандарды аралады. Атап айтқанда, еріген қар суларын тарту, жол жиегіндегі қар мен мұздақтарды тазалау бағытындағы жұмыстардың барысы қаралды.
Тексеру барысында базар аумақтары, кәсіпкерлік нысандар маңы, әлеуметтік нысандар төңірегі және тұрғындар көп шоғырланатын орындардағы тазалық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әйтеке би кентінің тазалығына жауапты мекемелерге алдымен халық жиі жүретін аймақтарды қар мен мұздақтардан тазалау, еріген қар суларының тұрғындардың күнделікті қозғалысына қолайсыздық туындатпауы үшін арнайы су тартатын техникаларды көптеп жұмылдыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Алдағы уақытта аудан орталығының тазалығын қаматамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғаса беретін болады.
Айта кетейік, қар мен мұздақтарды, еріген қар суларын тазарту жұмыстары Батыс-Қытай - Батыс-Еуропа автожолның аудан аумағында орналасқан Бақыт, Арзан 1, Мирас сынды кешендердің аумағында да жүргізілуде.
04 наурыз 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031