Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағы еріген қар суынан тазартылуда

Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағы еріген қар суынан тазартылуда

Бірнеше күннен бері Әйтеке би кентінің бірқатар аумақтарын еріген қар мен жаңбыр суынан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Кент тазалығына жауапты мекемелердің 40-қа жуық қызметкерлері мен 10-нан астам арнайы су сорғыш техникалар күндізгі, түнгі аусымда да жұмыс жасауда. Қазіргі таңда аудандық мәслихат депутаттары мен ерікті азаматтарда жеке қаражаты есебінен су сорғыш техникаларын жалдап, елдік іске өз үлестерін қосуда.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентінің әкімімен бірге кенттің 5 квартал аумағындағы көшелерді аралап, су тарту жұмыстарын көрді. Аудан басшысы кент әкімімен аталған аймақтың тазалығына жауапты мекеменің басшысына тұрғындардың қозғалысына кедергі жасайтын, жол бойындағы су жиналатын жерлерді шұғыл түрде тазарту және суларды сору жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Қажет болған жағдайда қосымша техника мен күш жұмылдыру арқылы қар мен жаңбыр суларын уақытылы тазалау міндеті жүктелді.
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бағытындағы бұд жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
19 ақпан 2026 ж. 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930