Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көрікті кент – тұрғындар мәдениетінің айнасы

Көрікті кент – тұрғындар мәдениетінің айнасы

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда қыс мезгілінің алғашқы күндері жауын-шашын жиілеп, жерге қар түспей тұрғанда кент аумағында жүйелі түрде тазалық шаралары жүргізілуде.
Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстарға Әйтеке би кентіндегі «Қазалы Абаттандыру» мекемесінің арнайы техникалары мен жұмысшы күші толық жұмылдырылып, бірқатар маңызды міндеттер орындалуда.
Атап айтқанда, кент көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолдары мен жол жиектері, аяқ су арналары, арықтар қоқыстан, жапырақтардан, лай мен топырақтан тазартылуда. Сонымен қатар, жол бойындағы қоршаулар, жол белгілері мен аялдамалар жуылып, ретке келтірілуде.
Бұл жұмыстар кенттің көркі мен экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға да бағытталған. «Тазалық – тәртіптен басталады» демекші, баршамыз туған өлкеміздің тазалығы мен жайлылығы үшін жауаптымыз.
Осы ретте аудан тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық сақтау мәселесіне белсенді атсалысуға шақырамыз. Бірлескен істердің нәтижесінде ғана таза, көрікті, жайлы ортаны қалыптастыра аламыз!
10 желтоқсан 2025 ж. 132 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031