Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жеке детективтердің қызметіне заңды түрде рұқсат етілмек

Қазақстанда жеке детективтердің қызметіне заңды түрде рұқсат етілмек

Фото: Ru.freepik.com
Қазақстанда жеке детективтердің жұмысына ресми түрде рұқсат берілуі мүмкін. Мәжілісте елде жеке детективтік қызмет институтын құруды көздейтін заң жобасы қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Снежанна Имашева заң жобасының азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ жеке детективтердің қызметі үшін нақты құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Заң жобасында бұл қызметтің негізгі қағидалары айқындалады:

Кім детектив бола алады;
Детективтік агенттіктер қалай жұмыс істейді;
Лицензиялау мен мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады.
Қазір Қазақстанда жеке детективтердің қызметі заңмен ресми түрде реттелмеген.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің өкілдері заңды негізсіз біреуді аңду немесе ол туралы ақпарат жинау жеке өмірге қол сұғу болып саналатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін түсіндірген еді.
04 наурыз 2026 ж. 153 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31