Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сталкинг үшін айыппұл мен қамау жазасы қарастырылған – ІІМ

Қазақстанда сталкинг үшін айыппұл мен қамау жазасы қарастырылған – ІІМ

istockphoto.comІІМ азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорғалатынын, ал аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін еске салады, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу – сталкинг. Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді. ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Аталған бапқа сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген", - делінген жазбада.
Сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
"ҚР Конституциясы әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын және қауіпсіздік құқығын қорғауға кепілдік береді. Заң бұзушылық – міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Өзге адамның "Жоқ" деген жауабына міндетті түрде құрметпен қарау міндеттелген.Егер сізге немесе жақындарыңызға қатысты қудалау, аңду, жүйелі түрде мазалау әрекеттері орын алса, үнсіз қалмаңыз дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз", - делінген жазбада.

03 ақпан 2026 ж. 151 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728