Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс жеке детективтерге жол ашатын заңды талқылауға кірісті

Мәжіліс жеке детективтерге жол ашатын заңды талқылауға кірісті

Фото: Nege.kz/ЖИ көмегімен жасалған
Парламент Мәжілісінің қарауына «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасы мен оған ілеспе құжаттар келіп түсті. 
Жаңа бастама Қазақстанда жеке детективтік қызмет институтының құқықтық негізін қалыптастыруды және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның мәліметінше, ұсынылып отырған заң жобасы жеке детективтік қызметтің негізгі ұғымдарын, сондай-ақ оның жұмыс істеу ретін айқындайды.
«Басты мақсаты – азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін кеңейту және елімізде жеке детективтік қызмет институтының құқықтық негізін құру. Заң жобалары жеке детективтік қызметтің негізгі ұғымдарын, сондай-ақ оны жүзеге асыру қағидаттарын, міндеттері мен тәртібін көздейді», – деді депутат Снежанна Имашева Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, заң жобасында детективтік агенттіктер мен жеке детективтердің құқықтық мәртебесі, олардың қызметін лицензиялау тәртібі және мемлекеттік реттеу тетіктері айқындалған. 
04 наурыз 2026 ж. 138 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930