Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнермен өрілген ғұмыр

Өнермен өрілген ғұмыр

Өткен сенбіде Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, әнші әрі жүргізуші Асқар Кенже-Әлі Мақсатбайұлының 70 жас мерейтойына арналған «Өмірім – өнерім, өнерім – өрісім» атты шығармашылық кеш өтті.
Кеш шымылдығы мерейтой иесінің өмір жолынан сыр шертетін сахналық қойылыммен түрілді. Өнер мен өмірді егіз ұғымдай көріп, бар ғұмырын әнмен өрнектеген тұлғаның балалық шағынан бастап, шығармашылық кемел кезеңіне дейінгі белестері көркем түрде бейнеленді. Әр көрініс көрерменге тебіреніс сыйлап, сахна мен шынайы өмір арасындағы байланыс айқын сезілді.
Тағылымды шараға аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен өнерсүйер қауым көптеп жиналып, кеш иесіне деген зор құрметтерін көрсетті. Салтанатты жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мерейтой иесіне жүрекжарды лебізін білдіріп, иығына шапан жауып, дәстүрлі құрмет көрсетті. Сонымен қатар Жанмұрат Жақсымұратұлының құттықтау хатын табыстап, өнер иесінің өңір мәдениетінің өркендеуіне қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтті. Облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп те сахнаға көтеріліп, мерейтой иесіне ақжарма тілегін арнады.
Шығармашылық кеш мерейтой иесінің орындауындағы «Көңіл толқуы» әнімен басталып, «Тәуелсіздік – елдігімнің айғағы», «Жамғыр төкту», «Сүйемін өмірді», «Жас дәурен», «Сыр елім» сынды жүрекке жылы туындылармен жалғасын тапты. Әрбір ән – өмір жолының бір белесі, өнер иесінің ішкі жан дүниесінің үні іспетті әсер қалдырды. Кеш барысында әріптестері, шәкірттері мен өнерлі ұрпақтары да сахна төрінен көрініп, ұстазға деген құрметтерін өнер арқылы білдірді.
Мерейтойлық кештің шарықтау шегі – көрерменге кеңінен танымал сазгер, әнші Ескендір Хасанғалиевтің репертуарындағы «Атамекен» әнінің орындалуы болды. Бұл ән зал толы көрерменнің жүрегін бір арнаға тоғыстырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті асқақтатты.
Кеш соңында жиналған жұртшылық мерейтой иесіне ыстық ықыласын білдіріп, ұзақ жылғы еңбегіне алғыс айтты. «Өмірім – өнерім, өнерім – өрісім» атты бұл кеш тек мерейтойлық шара ғана емес, өнерге адалдықтың, сахнаға деген сүйіспеншіліктің, ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісіне айналды. Өнерімен өрісін кеңейткен, өнегесімен елге үлгі болған тұлғаның ғибратты ғұмыры әлі талай буынға рухани азық болары сөзсіз.

Ж. АЛМАСҰЛЫ
03 наурыз 2026 ж. 20 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 21

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 20

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 22

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031