Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірі – өнеге, еңбегі – елге үлгі

Өмірі – өнеге, еңбегі – елге үлгі

Туған жердің тұнық топырағынан күш-қуат алып, елге адал қызмет етуді өмірлік борышы санаған азаматтардың өнегелі жолы әрдайым құрметке лайық. Жуырда өскен өңірінің өркендеуі мен әлеуметтік дамуына бар күш-жігерін арнаған, елдің еңсесін көтеруге өлшеусіз үлес қосқан ардақты азамат Нажмадин Мұсабаевтың 75 жасқа толуына орай тағылымға толы мазмұнды шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиынға қатысқан аудан әкімі Алмасбек Есмаханов «Құрмет» пен «Парасат» ордендерінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарының «Құрметті азаматы» атанған Нажмадин Мұсабаевты мерейтойымен құттықтап, зор құрмет көрсетті.
Мерекелік жиын барысында ел ағасының өнегелі өмір жолын, халқына сіңірген қажырлы еңбегін кеңінен танытатын «Тектілік туын түсірмеген тұлға» атты жаңа кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Тағылымды шараға аудан басшысымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, Нажмадин Түрікбенұлымен ұзақ жылдар қызметтес болған әріптестері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты.
Салтанатты жиында аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы мерейтой иесінің ел алдындағы еңбегіне ерекше тоқталып, жүрекжарды лебізін білдірді.
– Туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарған ел ағаларының ерен еңбегі, мемлекетімізге қалтқысыз еткен адал қызметтері – біздерге қашанда үлгі-өнеге. Бүгінде ауданымызда жүзеге асырылып жатқан игі бастамалар мен даму бағдарламалары – осы бір ардақты жандардың салып кеткен сара жолының жалғасы. Еркіндікпен еңсе тіктеген қиын жылдарда Сыр өңірінің экономикасы мен ауыл шаруашылығын көтеруге ерекше үлес қосқан ардақты азаматтардың бірі –Нажмадин Мұсабаев. Бүгінде ағамыз 75 жасқа толып отыр. Ақ пейілді Қазалы жұртшылығының атынан мерейтойыңызбен Сізді шын жүректен мерейтойыңызбен құттықтаймыз, – деді аудан әкімі.
Шара барысында Нажмадин Түрікбенұлының аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз үлесі жоғары бағаланып, ауданның ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының «Құрмет» грамотасы салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ қазақы дәстүрге сай иығына шапан жабылып, ерекше ілтипат көрсетілді.
Одан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен Қазалы ауданының Құрметті азаматы Қасқырбай Әлімбай мерейтой иесінің елге сіңірген еңбегін атап өтіп, оның өмір жолы мен қызметтік кезеңдерінен тағылымды естеліктерімен бөлісті. Олар Нажмадин Түрікбенұлының еңбекқорлығы, қарапайымдылығы мен елжандылығы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі екенін атап өтті.
Игі шара Нажмадин Түрікбенұлының ғибратты ғұмырына арналған «Тектілік туын түсірмеген тұлға» атты жаңа кітаптың тұсаукесеріне ұласты. Кітап авторларының бірі Нажмадин Мұсабаевтың ұлы Нұрназар Түрікбен жаңа туындыға қысқаша шолу жасап, еңбекте ел ағасының өмір жолы, қызметі, қоғамға сіңірген еңбегі мен адамгершілік қасиеттері кеңінен қамтылғанын атап өтті.
Шара соңында аудан басшысы ел үшін атқарған адал еңбегінің арқасында жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген арда азаматқа ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық және әулетіне амандық тіледі.
Өз кезегінде мерейтой иесі Нажмадин Түрікбенұлы қасиетті Қазалы ауданында мерейтойының жоғары деңгейде аталып өтуіне мұрындық болған аудан әкіміне, ұйымдастырушыларға және барша жерлестеріне шынайы ризашылығын білдіріп, ақ тілегін арнады.
Арайлым ЖҮСІПОВА
31 желтоқсан 2025 ж. 21 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 23

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 24

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 22

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 32

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 28

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 22

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031