Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА КӨРІНІС ТАПТЫ

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА КӨРІНІС ТАПТЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры Қазалы өндірістік бөлімшесінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында коалиция мүшелері Әділбек Сарабеков, Күншығар Әбілов, Жаңаберген Жүсіп және Нұрбек Ақпанбетов жаңа Конституцияның негізгі ережелерін жан-жақты әрі түсінікті түрде түсіндіріп берді. Олар құжатта айқындалған құндылықтар қоғамды әділдік, заң үстемдігі және барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер қағидаттары төңірегінде біріктіретінін ерекше атап өтті.
«Егемен ел ретінде дамуымыздың басты негізі - мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету. Бұл міндеттің құқықтық әрі құндылықтық негізі жаңа Конституцияда айқындалған. Негізгі заң тек құқықтық шеңберді белгілеп қана қоймай, мемлекеттің дамуына бағыт беретін құндылықтық бағдарларды қалыптастырады. Осы бағдарлардың өзегінде азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың басты қағидасы - әділеттілік жатыр. Ол сыйластықты, теңдікті және ортақ жауапкершілікті қамтиды», - деді коалиция мүшесі Күншығар Әбілов.
Талқылау барысында еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдіктер мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әділбек Сарабеков жаңартылған Конституцияда еңбекқорлық қоғамның базалық қағидаттарының бірі ретінде бекітіліп, еңбек ету, әділ еңбекақы алу және кемсітушіліктен қорғану құқықтары тікелей конституциялық кепілдікке ие болатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл норма еңбек адамдары үшін айрықша маңызды.
Ал Нұрбек Ақпанбетов Конституция мәтінінде алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты нақты нормалар енгізілгенін айтып, жеке деректер мен азаматтық құқықтардың цифрлық кеңістікте қорғалу тетіктері күшейтілетінін жеткізді.
Кездесу соңында өндірістік бөлімше ұжымы өздерін толғандырған сауалдарға жан-жақты жауап алып, халықтық Конституцияға қолдау білдірді.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
26 ақпан 2026 ж. 166 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930