Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылды

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылды

Бұл жерлерде көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылды
Фото:
© istockphoto.com
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 
22 ақпандағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты келесі учаскелерде көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды:
Ақтөбе облысы: «Ақтөбе — Қарабұтақ — Ырғыз» бағыты (776-1153 км) және «Ақтөбе — Атырау обл. шекарасы» (11-337 км) учаскелері жабық.
Атырау облысы: «Ақтөбе — Доссор» тасжолының Ақтөбе облысымен шекаралас тұсынан Сағыз ауылына дейінгі бөлігі (337-346 км) жабылды.
Абай облысы: «Таскескен — Бақты» жолының Үржар ауылына дейінгі бөлігінде (0-75 км) қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысы: «Алматы — Өскемен — Шемонаиха» бағытындағы Абай облысының шекарасынан «Рубеж» постына дейін (1013-1062 км) жол жабық.
Павлодар облысы: Қалқаман айрығындағы көпірдің зақымдалуына байланысты Астана бағытына шығу және Қалқаман ауылына кіру әлі де шектеулі.
Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында (46-66 км) қысқы кезеңдегі күрделі тау жағдайына байланысты тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалысқа тыйым салынған.

Қай бағыттар ашық?

Қазіргі уақытта мамандар тазалау жұмыстарын жүргізіп, келесі бағыттарда барлық көлік түрлері үшін жол ашты:
«Қарағанды — Аягөз — Боғас» тасжолының Ботақара мен Қарқаралы арасындағы учаскесі ашылды. Сондай-ақ Абай облысы аумағындағы осы жолдың Боғас ауылына дейінгі бөлігі мен «Қалбатау — Көкпекті» бағытында қозғалыс қалыпқа келді.



22 ақпан 2026 ж. 213 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031