14 желтоқсанда еліміздің бірқатар жолдарында көлік қозғалысы шектелді
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Фото: canva.comҰлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:
Ақтөбе облысы
• "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бақылау-өткізу пункті)" автожолы, 104-181-шақырым (Қандыағаш қаласы – Шұбарқұдық кенті);
• "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолы, 776-965-шақырым ("ЭКОойл" ЖҚС – Қарабұтақ кенті);
• "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы" автожолы, 181-254-шақырым (Шұбарқұдық – Қарауылкелді).
Атырау облысы
• "Ақтөбе – Атырау – Астрахань" автожолы, 254-337-шақырым (Қарауылкелді – Атырау облысының шекарасы);
• "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы" автожолы, 337-517-шақырым (Доссор кенті – Сағыз ауылы).
Барлық көлік түрі үшін жабық жолдар
Атырау облысы
• "Атырау – Орал" автожолы, 14-189-шақырым (Алмалы ауылы – Индер ауданы).
• "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолы, 3-210-шақырым (Доссор кенті – Маңғыстау облысының шекарасы).
Маңғыстау облысы
• осы автожолдың 210-332-шақырымы (Атырау облысының шекарасы – Бейнеу ауылы).
Алматы облысы
• "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолы, 2214-2295-шақырым (Жамбыл облысының шекарасы – Қаншеңгел ауылы).
Жамбыл облысы
• "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолы, 2005-2152-шақырым (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы, Қарағанды бағытына);
• осы жолдың 2214-2252-шақырымы (Бурылбайтал ауылы – Алматы облысының шекарасы).
Абай облысы
• "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолы, 1013-1062-шақырым (Абай облысының шекарасы – Рубеж бекеті);
• "ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы" автожолы, 756-910-шақырым (Семей – Қалбатау).
Батыс Қазақстан облысы
• "Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы" автожолы, 0-158-шақырым;
• "Өнеге – Бисен – Сайқын" автожолы, 1-103-шақырым;
• "Орал – Тасқала – РФ шекарасы" автожолы, 4-104-шақырым;
• "Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы" автожолы, 189-375-шақырым (Чапаево – Атырау облысының шекарасы).
Қызылорда облысы
• "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолы, 1240-1806-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Қызылорда қаласы).
Ақтөбе облысы
• осы автожолдың 1153-1240-шақырымы (Ырғыз кенті – Қызылорда облысының шекарасы);
• "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолы, 526-610-шақырым;
• "Ақтөбе – Атырау – Астрахань" автожолы, 254-337-шақырым.
Қарағанды облысы
• "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолы, 248-359-шақырым (Атамекен ауылы – Ақсу-Аюлы кенті).










