Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандай жеке меншік мектептер жұмысын тоқтатады?

Қандай жеке меншік мектептер жұмысын тоқтатады?

Министр заңнан аттағандарға мемлекеттік тапсырыс берілмейтінін айтты
Қандай жеке меншік мектептер жұмысын тоқтатады?Коллаж: ЖИ арқылы жасалды
Жұлдыз Сүлейменова жеке меншік білім беру ұйымдарына қатысты ұстанымын ашық білдірді. Оның айтуынша, мемлекет үшін мектептің меншік нысаны емес, ең алдымен білім сапасы мен заң талаптарының орындалуы маңызды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Министр әлеуметтік желіде тараған сауалдарға жауап бере отырып, білім беру саласында тәртіп пен талаптың күшейетінін жеткізді.
«Әлеуметтік желілерде жеке меншік мектептер жайлы бірнеше сұрақ туындауда. Соған байланысты өзімнің позициямды білдіргім келеді. Бүгінгі таңда оқу-ағарту министрлігіне жеке меншік мектеп пе? Мемлекеттік мектеп пе? Меншік нысанына қармастан заңның талаптарын орындайтын сонымен бірге жалпы сапалы заң аясында білім беретін адал жұмыс істейтін мектептердің легін біз қазір айқындағымыз келеді. Негізгі мәселеге тоқталғым келеді. Тіркелген балалар бар, бірақ сабақ берілмеген. Сонымен қатар оқу стандарттарын толық орындамаған, әскери дайындық, дене шынықтыру секілді пәндерді оқытпаған, өздерінің ғимаратының мақсаты келмейтін, яғни қоймада, моншада мектеп ашып, соны заңдастырып рәсімдемеген, ұстаздарының біліктілік талаптары сәйкес келмейтін мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастырылмайды. Ғимараты толық мектеп деген мақсатқа сәйкес келетін, ұстаздарының біліктілігі талапқа сәйкес келетін, әскери сонымен қатар дене шынықтыру, басқа барлық стандарттағы пәндер толық орындалып, сабақ өткен сапалы мектептеріміз одан әрі жұмысын жалғастыратын болады. Бұл негізі позиция, бұл негізгі талап екендігін атап өткім келеді», — деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрдің мәлімдеуінше, алдағы уақытта мемлекеттік тапсырыс тек оқу стандарты толық сақталған, ғимараты мен материалдық-техникалық базасы талапқа сай, мұғалімдерінің біліктілігі расталған мектептерге ғана беріледі.
Әсіресе, ғимаратының мақсаты білім беру нысанына сәйкес келмейтін, оқу бағдарламасын толық атқармайтын және құжаттары заңдастырылмаған мекемелерге бюджет қаржысы бөлінбейді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Qaz365.kz редакциясы «Жекеменшік білім ұйымдары» республикалық қауымдастығының төрайымы Роза Шәріпқызы Садықоваға хабарласып, оның осы мәселе жайлы пікірін сұраған еді. 
БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

20 ақпан 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728