Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ сәуір айына ауыстырылды

ҰБТ сәуір айына ауыстырылды

Коронавирусқа байланысты ҰБТ уақыты шегерілді Елордада коронавирусқа байланысты ҰБТ уақыты шегерілді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты. «Биылғы оқу жылында 117 мектеп білім беріп жатыр. Оның 89-ы – мемлекеттік, 22-сі жеке меншік мектеп. Мектеп басшылары мен ата-аналар вирусты инфекция пайда болған жағдайда не істеу керектігі туралы жедел жиналыс өткізген. Бүгінгі таңда барлық елордалық мектептер (мемлекеттік және жеке меншік, арнайы) осы жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін көктемгі демалысқа шықты. Сондай-ақ педагогикалық-медициналық, психологиялық консультация, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті демалыс кезінде балаларды қабылдау тоқтатылады», - дейді Шолпан Қадырова. Оның айтуынша, олимпиадалар, конкурстар, спорттық іс-шаралар кейінге шегерілген.
«ҰБТ өткізу мерзімі сәуір айына ауыстырылады. Өткізу күні мен уақыты қосымша хабарланады. Республикалық физика-математикалық мектебі және Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушыларды қабылдау емтихандарын биылғы жылдың 13 маусымға ауыстырылды. Каникул кезінде әкімшілік, техникалық қызметкерлер кесте бойынша, педагогтар қашықтықтан жұмыс істейді. Жалпы білім беретін мектептер 100% интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген», - деді ол.


18 наурыз 2020 ж. 1 025 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 103

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 92

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 106

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031