Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдумда ел тілегі ескеріледі

Референдумда ел тілегі ескеріледі

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу біз үшін бұрыннан тосын жаңалық емес. Тәуелсіздік жылдарында Ата заңға бірнеше рет түзетулер енгізілді. Алайда сол өзгерістердің басым бөлігі халықпен кең көлемде ақылдасусыз, Парламент қарауымен және депутаттардың қолдауымен қабылданып келді. Қарапайым азаматтың пікірі, ұстанымы, таңдауы көп жағдайда ескерусіз қалатындай көрінетін. Сондықтан да бұл жолы да бәрі бұрынғы сценарий бойынша өрбиді деп ойлағандар аз болмағаны анық.
Алайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтқан бастамасы қоғамда жаңа серпіліс тудырды. Мемлекет басшысы Конституцияға енгізілетін өзгерістерді бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсыныс білдірді. Бұл – тек құқықтық рәсім ғана емес, саяси мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуінің белгісі іспетті. «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз!» деген сөздер жай ұран емес, ел тағдырына әр азаматтың тікелей қатысуына шақырған үндеу секілді естілді.
Шын мәнінде, референдум – билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын маңызды құрал. Егер мемлекет стратегиялық шешімдерді қабылдауда жұртшылықтың пікіріне сүйенетін болса, бұл қоғамдағы жауапкершілікті де, азаматтық белсенділікті де арттырары сөзсіз. Халықтың таңдауы ескерілетін елде саяси реформалар да өміршең болады.
Мүмкін, бұл қадам расымен де «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі шығар. Себебі Ата заң – тек заңгерлер мен саясаткерлердің құжаты емес, ол – әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігінің кепілі. Сондықтан оның тағдырын халықтың өзі шешуін – әділеттілікке бастайтын маңызды қадамға баласақ болады.
Егер осы үрдіс шынайы ашықтықпен, әділдікпен жүзеге асса, онда бұл бастама елдің саяси тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болуы әбден мүмкін. Ең бастысы, қоғам сенімі мен мемлекет жауапкершілігінің теңгерімі сақталса болғаны. Сонда ғана «Әділетті Қазақстан» ұғымы мазмұнға ие болып, Жаңа Қазақстан идеясы нақты нәтижеге айналады.
Кемалбай КӨПЖАСАР,
Салық саласының ардагері
17 ақпан 2026 ж. 25 0

Дертке дауа дарытқан

17 ақпан 2026 ж. 49

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728