Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттің кешенді өзгеруіне бағытталып отыр

Мемлекеттің кешенді өзгеруіне бағытталып отыр

Конституцияға енгізілетін өзгерісті жалпыхалықтық референдум арқылы халықпен кеңесіп, қабылдау игі бастама. Мемлекет басшысының жариялаған бұл үндеуі – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығының кепілі. Саяси сындарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады. Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік үлгінің кешенді өзгеруіне бағытталған.
Жаңа Қазақстанды құру жолында үлкен мақсаттар бар. Осы орайда Ата Заңымызға түзетулер мен өзгерістер енгізе отырып, мемлекет пен қоғамға түбегейлі өзгерістердің нәтижесінде әрбір қазақстандықтың өміріне оңды жағдай жасалмақ. Яғни қолынан іс келетін, әрбір адамның жақсы өмір сүруі үшін барынша қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуға мүмкіндіктің орайы туып отыр. Сол себепті ұрпағының болашағына алаңдайтын әр қазақстандық азамат ел Президенті ұсынған Ата заңға енгізілетін өзгерістер бойынша өткізілетін бүкілхалықтық референдумда дауыс беру арқылы өз үнін қосып жеткізуге құқылы.
Еліміз тарихындағы аса маңызды оқиғадан шет қалмау елін сүйетін әрбір азаматтың басты міндеті.
Осы орайда мен баршаңызды референдумға қолдауға шақырамын! Сіздердің қолдауларыңыз ел болашағы үшін маңызды.
МҰХАШ ЕРБОЛАТ САРТАЙҰЛЫ,
Қазалы аудандық мәслихаттағы«AMANAT» партиясы
депутаттық фракциясының мүшесі

16 мамыр 2022 ж. 811 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 252

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031