Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Қазақстандағы жаңа белес

Жаңа Қазақстандағы жаңа белес

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұны үлкен саяси жаңалық деп білемін. Себебі мемлекет тағдырын жекелеген адамдар емес, тұтас халықтың өзі шешуі керек. Ал, Президенттің осындай күрделі мәселеде соңғы сөзді халықтың өзіне қалдыруы елдегі үлкен өзгерістердің бастауы деп ойлаймын.
Президенттің бұл ұсынысын халық қос қолдап тұрып қолдайтынына сенімдімін. Өйткені осы кезге дейін Ата Заңда бірнеше өзгерістер енгізілгенмен, халықтың пікірі сұралмады. Яғни, халықта мұндай мүмкіндік болмады. Енді Ата Заңды парламент бекіте салмайды. Халықпен санасады.
Құрметті аға-апалар, замандастар, достар!
Бұл туралы әлеуметтік желіде пікір көп. Ел ішіне іріткі салатын әртүрлі қаңқу сөздерге ермей, бәріміз бір ел болып, бір тудың астына жиналып, еліміздің ертеңі, ұрпағымыздың келешегі үшін жалпы халықтық референдумға қатысуға шақырамын!
Болашағымыз - өз қолымызда!
Болашағамызды бірге таңдайық!
Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысайық!
Роза АСАНОВА,
Қазалы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы
06 мамыр 2022 ж. 911 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 62

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 88

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031