Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нысандардың ағымдағы жағдайына бірлескен мониторинг жұмыстары жүргізілді

Нысандардың ағымдағы жағдайына бірлескен мониторинг жұмыстары жүргізілді

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірімізде пайдалануға берілген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің ағымдағы жай-күйіне мониторинг жұмыстары басталды. Осыған орай өңірлік мониторинг тобы Қазалы ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың бүгінгі жағдайын зерделеді.

Мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, партияның аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары Арғын Орымбаев және Күншығар Әбілов қатысты. Жұмыс тобы нысандардың құрылыс сапасына, инфрақұрылымының жағдайына және көрсетілетін қызмет деңгейіне ерекше назар аударды.

Алдымен аудан орталығындағы әлеуметтік нысандар араланды. Атап айтқанда, Қазалы аудандық емханасы, «Руханият» орталығы, Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығы және Қазалы қаласындағы «Өрімтал» балабақшасы ғимараттарының жағдайы қаралды.

Сонымен қатар ауылдық елді мекендердегі нысандар да назардан тыс қалмады. Жанқожа батыр ауылында орналасқан «Келешек мектебі», Абай ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Кәукей ауылындағы 100 орындық клубтың жай-күйі зерделенді.

Мониторинг барысында нысандардың техникалық жағдайына қатысты бірқатар мәселелер назарға алынды. Оларды жедел түрде қалпына келтіру, ғимараттарды күтіп-ұстау сапасын арттыру, жауапты мердігер мекемелердің міндеттемелерін нақтылау жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Мониторинг нәтижелері бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар жолданады. Орындалуы бақылауға алынды.
14 ақпан 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728