Партия өкілдері ауыз су сапасына мониторинг жүргізді

Аталған бағыттың ауданда орындалу барысын зерделеу мақсатында, бүгін «AMANAT» партияс Қазалы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков, комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов және партия филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева тиісті сала мамандарымен бірге Әйтеке би кентіндегі ауыз су жеткізуге арналған насос станцияларына барып, жұмыс барысын көрді.
Мониторинг барысында Әділбек Сербайұлы нысандардың техникалық жағдайына, жөндеу сапасына ерекше назар аударып, сала мамандарынан станциялардың қуаттылығы туралы сұрады. Ал Күншығар Әбілұлы ауыз судың санитарлық жағдайына, тұрғындар денсаулығына әсеріне қатысты сұрақтар қойып, су сапасының зертханалық тексерістен өту барысына тоқталды.
Өз кезегінде мамандар екі насос станциясының да қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын, ауыз су үздіксіз беріліп, тұрғындарды таза және қауіпсіз сумен қамтуда ешқандай кідіріс жоқ екені атап өтті.
Айта кетейік, бүгінде Сарыбұлақ, Шәкен, Шилі және Шитүбек елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары бойынша тиісті қаржылары бөлініп, мердігер мекемелермен келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталды.
#AMANAT