Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақылау басқармасымен бірлесе құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілді

Бақылау басқармасымен бірлесе құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілді


«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасымен бірлесе аудандағы бірқатар құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Оған облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшысы Ғанижан Қалиев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков және комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев қатысты.
Мониторинг жұмыстары ең алдымен Жаңқожа батыр ауылында салынып жатқан «Жайлы мектеп» құрылысына жүргізілді. Құрылыс жұмыстарымен «Асар» ЖШС айналысуда. Негізгі атқарылып жатқан жұмыстар ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру және т.б. Жалпы құрылыс басында 170 адам жұмыс жасауда.

Сондай-ақ зерделеу аудан орталығындағы «Руханият» орталығы мен «Жеңіс» саябағында салынып жатқан спорт кешені құрылысына, кентішілік күрделі жол жөндеу, орталық алаңды және Жаңқожа батыр көшесі бойын абаттандыру жұмыстарымен жалғасты.

Мониторинг барысында мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу қажеттігі, техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс нысандарына бақылауды күшейту керектігі ескертілді.

#AMANAT
05 желтоқсан 2024 ж. 288 0

Бейнет һәм құрмет

27 маусым 2026 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930