Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрғындармен жеке қабылдау өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрғындармен жеке қабылдау өтті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Әйтеке би кентіндегі Руханият орталығында өткізілген қабылдауда аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық соттың судьясы Мұрат Оспанов, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов және аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдаудың басты қағидасы – ашықтық, сол себепті жазылушылар, келушілер өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптарын алды, тиісті сала басшылары мен мамандарының кеңестерін тыңдады. Жалпы саны 65 азамат өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Оның ішінде аудан әкіміне 23 тұрғын өз мәселесі бойынша жүгінді.
Қабылдауда тұрғын үй кезегі, тұрақты жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер және бірқатар әлеуметтік сипаттағы өтініштер көтерілді. Аудан басшысы келушілерді тыңдап, олардың сауалдарын мамандар жан-жақты зерттейтінін айтты. Кез келген мәселе заңдылығына қарай шешімін табады. Ол үшін аудан әкімі жауапты орынбасары мен бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Ал Ақсуат елді мекеніне табиғи газ жүргізуді сұрап келген ауыл тұрғындарына елді мекенді газдандыру мәселесіне байланысты қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткендігін және газдандыру жұмыстарының құрылысын қаржыландыру үшін тиісті басқармаған өтінім ұсынылып, қаржыландыру мәселесі күтіліп отқандығы жеткізілді.
Айта кетейік, бұған дейін аудан әкімі ауданға қарасты аулыдық округтерде де құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдаулар өткізген болатын.
12 ақпан 2026 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728