Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі рейд тыныштықты көздейді

Түнгі рейд тыныштықты көздейді

Еске салсақ, өткен жылдың сәуір айынан бастап аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында жыл соңына дейін түнгі рейд жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келді.
Осы уақыт ішінде жасөспірімдерді тәртіпке шақыруды көздеген рейд жұмыстары биылғы жылы да жалғасын табады. Жыл басындағы алғашқы құрамның жетекшісі - аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов.
Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдары, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарынан басталған түсіндірме жұмыстары тойханалар мен мейрамханаларда да жалғасты. Қоғамдық тәртіпті бақылау барысында кәмелет жасқа толмаған оқушыларға түсіндірме, ата-анасына ескерту жасалды.

Дәурен Оңғарбайұлы бастаған құрам қатарында аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов, дербес бөлім, Әйтеке би кенті мамандары, аудандық полиция бөлімі және мектеп директорлары болды.
Айта кетейік, бұған дейін қоғамдық тәртіпті бақылап келген рейд бұдан кейін бей-берекет тасталған қоқыстарды, шет аймақтарға төгілген кәріз суларын, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау үшін де жұмыс жасайтын болады.


Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 қаңтар 2024 ж. 351 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930