Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөйлеу өнері сынға түскен байқау қорытындыланды

Сөйлеу өнері сынға түскен байқау қорытындыланды

ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші, жүргізуші Асқар Кенже-Әлі Мақсатбайұлының 70 жас мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған “Сахна – сөйлеу өнерінің тұғыры” атты аудандық концерт жүргізушілер байқауы өз мәресіне жетті.
Аталған байқауға ауданымыздан 10-ға жуық талапкер қатысып, сахна мәдениеті мен сөйлеу шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.
Байқаудың қазылар алқасының төрағасы – мерейтой иесі Кенже-Әлі Мақсатбайұлы, қазылар алқасының мүшелері – Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Раиса Батырханқызы, кәсіпорын басшысы әрі жүргізуші Мөлдір Өтепбергенқызы қатысушы талапкерлердің өнерін сарапқа салды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлде – №288 мектептің мектеп жас практиканты Құралай Сахитжанқызына;
І орын №234 мектептің мұғалімі Сәулет Нұрмағамбетқызына;
ІІ орын №17 мектептің мұғалімі Айгүлім Тұрғанбайқызына;
ІІІ орын №276 мектептің мұғалімі Гүлсімай Еркінқызына;
III орын-266 мектеп-лицейдің мұғалімі Көркем Оралбекқызына берілді.
«Сөйлеу өнерінің тұғыры» номинациясын №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Аружан Абзалқызы иеленді.
Байқауға қатысқан өзге де талапкерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жүлделі орын иегерлері алдағы уақытта өтетін ірі мәдени шаралар мен байқауларға қатысатын болады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары басталып кетті. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, сахнада биік белестер мен толағай жеңістер тілейміз!
30 қаңтар 2026 ж. 148 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031