Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережелері жарияланды
"Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қанша өтінім берілгенін және олардың қаншасы мақұлданғанын айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе сенімгерлік басқаруға беруге мерзімінен бұрын алуға өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
"38 806 өтінім берілді. БЖЗҚ қазірдің өзінде 18 000-ін мақұлдады", - деп жазды Facebook-те Нұрлан Ақшанов.
Неге зейнетақы жинақтарын алуға жіберген өтініштердің күші жойылады? "Отбасы" банкінде жауап берді
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда және қалай жұмсай алады?
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтарға тұрғын үй үшін зейнетақыны алу ережелері түсіндірілді. Одан кейін "Отбасы Банкі" өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева қазақстандықтар пәтерін жөндеу үшін зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі туралы айтты.
Сонымен қатар Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қатысатын тағы екі банк-операторлары пайда болғаны хабарланды.