Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағын пайдаланған азаматтардың саны 200 мыңға жетті

Зейнетақы жинағын пайдаланған азаматтардың саны 200 мыңға жетті

«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, 200 мың адамның ішінде 55 мың адам ипотекасын жапқан, деп хабарлайды іnbusiness.kz.
«Бізде бірыңғай зейнетақы жинағынан 200 мың адам ақшасын алды. Олар 950 млрд теңгені алып, пайдаға жаратты. Байқасаңыз, алынған сома 1 трлн теңгеге таяп қалды. Зейнетақысынан ақша алған адамдардың әрбір үшіншісі (950 млрд теңгенің – 70 пайызын) қаражатты толық сатып алу үшін жұмсады. Бұған дейін ипотекалардың өсімі жағынан, мерзімінен бұрын қарызды жабу бойынша әртүрлі болжамдар айтылған еді. Әйтсе де 55 мың адам сол ақшаны пайдаланып, ипотеканы уақытынан бұрын жапты. Ол қажеттілікке 200 млрд теңге жұмсалды», –деді Ләззат Ибрагимова онлайн режимде VIII CFO саммитінде. Зейнетақы жинағын пайдаланып, 11 мың адам жаңадан ипотека (70 млрд теңге) алған. «Шынында да, қаңтар, ақпан және наурыз айларында ақпараттық аномалия жүрген секілді. Ұлттық статистика бюросы әртүрлі сандарды жариялады. Оған сенудің аса қажеттігі жоқ. Коррекция меніңше, жылдың екінші жартысында жүреді. Жалпы біздің банкте жылына 300 мыңға тарта келісімшарт жасалады. Әйтсе де зейнетақы жинағының пайдаға жарауына байланысты бұл өсім 80 мыңға артты. Десек те келісімшарттардың бұл деңгейде көтерілуі – баспана нарығына аса бір төңкеріс әкеле қоймайды. Жылдың екінші жартысында қалыпты коррекция пайда болады», – дейді ол.
https://inbusiness.kz
19 мамыр 2021 ж. 379 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031