Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақының бір бөлігін алу. Бағдарламаға 10 күн

Зейнетақының бір бөлігін алу. Бағдарламаға 10 күн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу туралы заңға қол қойды. Бағдарлама 23 қаңтарда басталып, бүгінгі күнге дейін қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге алуға өтінімдерін арнайы ашылған сайтта беріп жатыр.


Бүгін қазақстандықтарға тағы бір рет зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай алу керектігін еске саламыз. 
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтініш беретін enpf-otbasy.kz сайты 23 қаңтарда іске қосылды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алуға өтінімдер қабылдау соңғы 10 күн бойы іске асырылуда және бұл жұмыс әрі қарай да жалғасып жатыр. 

2021 жылғы 30 қаңтарда Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары күшіне енді. Осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күні, 2021 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан Қорға 25 қаңтарда келіп түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуді бастады. Жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, - деп кеше БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлама таратты. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда, яғни «Отбасы банкі» АҚ-дан өтініштер түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49,2 млрд теңгеге 8 460 өтініш (немесе берілген өтініштердің жалпы санының 82%) тексеруден сәтті өтті. Дәл осы сома «Отбасы банкі» АҚ-ға салымшылардың арнайы шоттарына одан әрі мақсатты пайдалану үшін аударылды. 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, enpf-otbasy.kz платформасының алғашқы күнінде, яғни 23 қаңтарда сағат 19:00-ге дейін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға 11 мыңнан астам қазақстандық өтінім берді. Ал 26 қаңтарда сағат 18:00-ге дейін өтінім берушілер саны 22 300-ге жетті. 

98000 шот ашылды, 67 000 өтінім берілді. 34 149 өтінім БЖЗҚ-мен келісіп, дүйсенбіде арнайы шоттарға аударуды бастауға уәде берді! Ережеге сәйкес оларда 5 күн бар, - деп жазды 29 қаңтарда «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов. 
Сондай-ақ, кеше Отбасы банк алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы сүйінші хабарлама жасады.
Зейнетақы жинақтарын қандай мақсатта жұмсауға болады? 
- Ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеу;
- Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу;
- Отбасы банкте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алу;
- Ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны енгізу;
- Сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешекті өтеу;
- Жеке тұрғын үй құрылысы (жер телімін сатып алуды қоса алғанда);
- Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру;
- Зейнетақы жинақтарын туысыңызға беру;
- Емделу. 
Айта кетейік, жасына сай жеткілікті шектен асып тұрған жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар ғана мерзімінен бұрын шешіп ала алады. Елімізде олардың саны шамамен 760 мыңды құрайды. 

02 ақпан 2021 ж. 2 915 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930