Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақыны баспанаға жұмсау: Енді ипотека пайызын төлеуге тыйым салынады

Зейнетақыны баспанаға жұмсау: Енді ипотека пайызын төлеуге тыйым салынады

Miniature wooden house with a vintage key, symbolizing real estate and homeownership.
Фото: pexels.com
Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану тәртібіне маңызды өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелер 2026 жылдың 31 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Ең басты жаңалық – зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстау тоқтатылады. Бұған дейін азаматтар салықты алдын ала немесе кейінге қалдырып төлеуді өздері таңдайтын. Енді бұл таңдау алынып тасталды.
Сонымен қатар ипотеканы өтеуге қатысты жаңа шектеу пайда болды. Енді зейнетақы қаражатын тек ипотеканың негізгі қарызын жабуға ғана жұмсауға рұқсат етіледі. Онымен несиенің пайызын төлеуге болмайды.
Егер азаматтар растаушы құжаттарды уақытында өткізбесе, алынған қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шотына кері қайтарылады. Ал арнайы шоттан БЖЗҚ-ға ақша қате аударылған жағдайда, банк 3 жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді, ал зейнетақы қоры 5 жұмыс күні ішінде ақшаны қайта аударады.
22 қаңтар 2026 ж. 288 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031