Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Көптеген өңірлерде дауылды ескертулер күтіледі.
Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: iStock
Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 6-8 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі, апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дауылды ескертулер сақталады:
6 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
Ақтөбе қ.: 6 ақпанда ауа температурасы түнде 23-25 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
6 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында  28 градус аязға дейін, күндіз 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.
6 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Петропавл қ.: 6 ақпанда ауа температурасы түнде 20-22 аязға дейін, күндіз 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді.
6 ақпанда Ақмола облысының  батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Көкшетау қ.: 6 ақпанда ауа температурасы түнде 18-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
6 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде 12 градус аязға дейін күрт төмендейді.
6 ақпанда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Шымкент қ.: 6 ақпанда күндіз 2-4 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
Түркістан қ.: 6 ақпанда күндіз 3-5 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
6 ақпанда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1 градус аяз 4 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Тараз қ.: 6 ақпанда ауа температурасы күндіз 2-4 градус жылы.
7 ақпанда Ақмола облысында ауа температурасы түнде 17-22, облыстың батысында  25 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Астана қ.: 7 ақпанда ауа температурасы түнде 18-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
7 ақпанда Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендейді.
7 ақпанда Қарағанды облысында ауа температурасы түнде және күндіз 11-16, облыстың батысында, солтүстігінде 19 градус аязға дейін күрт төмендейді.
7 ақпанда Павлодар облысында ауа температурасы түнде және күндіз 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
6 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні – 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 6 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні – 23-28 м/с, таңертең және күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
6 ақпанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
6 ақпанда Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с, облыстың таулы бөктерінде екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
7 ақпанда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 8-13 градус аязға дейін күрт төмендейді.
7 ақпанда Абай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 12-17 градус аязға дейін күрт төмендейді, 8 ақпанда түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 18, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде, шығысында 16 градус аязға дейін күрт төмендейді.
6 ақпанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан  жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
6 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с.
Шымкент қ.: 6 ақпанда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші  – 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 6 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші  –15-20 м/с.
6 ақпанда түнде Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ: 6 ақпанда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 17 м/с күтіледі.
6 ақпанда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
Тараз қ.: 6 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
6 ақпанда  күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 6 ақпанда оңтүстік-батыстан жел күтіледі, кей уақытта екпіні – 15-20 м/с.
6 ақпанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда көктайғақ. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні  – 23-28 м/с.
6 ақпанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 6 ақпанда  жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан  соғатын  жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні  – 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 6 ақпанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
 6 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
 6 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғады жел, батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 6 ақпанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
 6 ақпанда түнде Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні – 23-28 м/с.
Қарағанды қ.: 6 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15–20 м/с.
6 ақпанда Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 23-28 м/с.
Жезқазған қ.: 6 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні  – 15-20 м/с.
6 ақпанда түнде Абай облысының батысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Семей қ.: 6 ақпанда күндіз (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні –  15-20 м/с.
 6 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні – 23-28 м/с.
Өскемен қ.: 6 ақпанда күннің екінші жартысында (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.
 6 ақпанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, түнде облыстың оңтүстігінде қатты қар. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 6 ақпанда тұман күтіледі.
 6 ақпанда Ақтөбе облысының шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. 
 6 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
 6 ақпанда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі.
06 ақпан 2026 ж. 79 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728