Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең 30 градусқа дейін аяз болады

Ертең 30 градусқа дейін аяз болады

istockphoto.com
9 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Астанада күндіз кей уақытта тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында да тұман сақталады.

Алматы облысының оңтүстігі мен тау бөктерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының тау бөктерлерінде жаяу бұрқасын болжануда. Батыс, оңтүстік, сондай-ақ тау және тау етегіндегі аудандарда тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, тау аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкент пен Түркістанда кей уақыттарда тұман болады.

Абай облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады деп күтілуде. Жел солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде -5…-10 градустан -18…-23 градусқа дейін, батысы мен солтүстік-батысында кей жерлерде -27 градусқа дейін, шығысында -30 градусқа дейін суытады.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен орталық бөлігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, солтүстігі мен шығысында қалың қар күтіледі, күндіз де қар жаууы жалғасады. Бұрқасын болжануда. Жел солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -4…-9 градустан -18…-23 градусқа дейін, шығысында -30 градусқа дейін төмендейді.

Жамбыл облысының тау бөктерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстігі мен тау бөктерлерінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Тараз қаласында кей уақыттарда тұман болжануда.

Жетісу облысының шығысы мен тау бөктерлерінде тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.

Қарағанды облысында ауа температурасы күрт төмендейді: түнде -12…-17 градус, солтүстігінде -20 градусқа дейін, оңтүстігінде -6 градустан -22…-27 градусқа дейін, кей жерлерде -18 градус болады.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман болжануда.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталық бөлігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Қызылорда қаласында тұман болады деп болжануда.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде секундына 17-22 метрге жетеді. Ақтау қаласында да оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
08 желтоқсан 2024 ж. 231 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 121

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930