Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Боран, көктайғақ және қатты аяз: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Боран, көктайғақ және қатты аяз: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Фото: Visions / Getty Images via Canva
Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 16 қаңтарға арналған бірқатар дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады. Көбінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман және желдің күшеюі болжанып отыр. Кей аймақтарда ауа температурасы түнде 40–42 градусқа дейін төмендейді. Алматы облысы мен Қонаев қаласында 16 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Ал облыстың таулы аудандарында қар күшейіп, көктайғақ сақталады. Желдің екпіні 18–23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Маңғыстау облысында, оның ішінде Ақтау қаласында көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15–20 м/с болады. Түркістан облысында және Шымкент пен Түркістан қалаларында жауын-шашын (жаңбыр мен қар), көктайғақ, бұрқасын болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. 17 қаңтарда ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Қызылорда, Ұлытау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында қар, бұрқасын, көктайғақ пен қатты жел күтіледі. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнгі уақытта ауа температурасы 35–38 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында қатты аяз сақталады. Кей аудандарда түнгі температура 40–42 градусқа дейін төмендейді. Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту күшінде. Жамбыл, Жетісу және Алматы облыстарында 16–17 қаңтар күндері қардың қалың түсуі, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Таулы аудандарда жауын-шашын күшейіп, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға, алыс жолға шықпауға және төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін қатаң қадағалауға шақырады. 

16 қаңтар 2026 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031